ЕСІМДЕР
Алматы қаласында туған. Алматы педагогикалық шет тілдер институтын, КСРО Ғылым Академиясының Тіл білімі институтының аспирантурасын бітірген. Филология ғылымының кандидаты, 2-сыныпты Төтенше және Өкілетті уәкіл.
Алматы педагогикалық шет тілдер институтының оқытушысы, аға оқытушысы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының аға оқытушысы болып қызмет атқарған. 1991-1995 жылдары – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Шетелдік ақпарат және аудармалар секторының меңгерушісі. 1995-1997 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі, Халықаралық ұйымдар және халықаралық экономикалық қатынастар басқармасы бастығының орынбасары, басқарма бастығы. 1997 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көп жақты ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары. 1997-1998 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің БҰҰ және халықаралық экономикалық ұйымдар басқармасының бастығы – 1-департамент директорының орынбасары. 1998-1999 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 1-департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер вице-министрі. 1999-2003 жылдары БҰҰ-дағы Қазақстанның Тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қосымша атқарған. 2003 жылдың ақпанынан наурызына дейін – Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясының Төрайымы. 2003 жылдың тамызынан Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар бойынша Елшісі. 2013 жылдың мамыр айында ЕҚЫҰ-ның Украинадағы жобаларының үйлестірушісі болып тағайындалды. 2014 жылдың маусым айында ЕҚЫҰ-ның Адам саудасымен күрес жөніндегі арнайы өкілі болып тағайындалды.
Бұрынғы Көкшетау, қазіргі Ақмола облысы Зеренді ауданының Костомаровка ауылында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін математика пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша; Алматы саясаттану және басқару институтын саясаттану мамандығы бойынша; Қазақ гуманитарлық-заң университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1974 жылы Қарағанды қаласы №27 орта мектебінде бастаған. 1994 жылы – ҚР Жастар ісі, туризм және спорт министрлігінің жастар саясаты бас басқармасының бастығы. 1997 жылы – ҚР Білім және мәдениет министрлігінің үйлестіру және бақылау департаменті ұйымдастыру және құжаттамамен қамтамасыз ету басқармасының бастығы. 1997-1999 жылдары – ҚР Білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің әкімшілік департаменті директорының орынбасары. 1999-2001 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің әкімшілік департаменті директорының орынбасары. 2001 жылы – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің консультанты, білім секторының меңгерушісі. 2005-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі. 2006-2007 жылдары – «Отан» Республикалық саяси партиясы Орталық аппаратының басшысы, аппарат басшысының бірінші орынбасары. 2007-2011 жылдары – IV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2012-2016 жылдары – V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. VІ сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі (2016-2021).
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында туған. ҚазМУ-дың тарих факультетін (1980, қазіргі ҚазҰУ) және Қазақ заң академиясын (2000) бітірген. Тарихшы, саясаттану ғылымның докторы (2003), профессоры (2006). Ресей саясаттану академиясының толық мүшесі. ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2004).
Семей малдәрігерлік институтында ассистент (1980–1982), Семей ет және сүт өнеркәсібі технол. институтында стажер-ізденуші, оқытушы, аға оқытушы, доцент (1982–1998), Қазақ заң академиясы Семей бөлімшесінің (1998–2000) және Семей заң институтының (2000–2003) директоры, Қазақ гуманитарлық заң университетінің ректоры (2003–2007), Семей университетінің президенті (2007–2009) қызметтерін атқарды. 2009 жылдан Қазақ гуманитарлық-инновациялық заң университетінің ректоры.
Шымкент қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін құқықтану мамандығы бойынша, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін қаржы мамандығы бойынша, М.В.Ломоносов атындағы ММУ-нің магистратурасын бітірген. Еңбек жолы: Орал көліктік прокурорының көмекшісі (2004), Орал қаласы прокурорының көмекшісі, Батыс Қазақстан прокуратура басқармасының прокуроры, Алматы қаласы Бостандық ауданы прокурорының аға көмекшісі, Алматы қаласы прокуратура басқармасының аға прокуроры, Алматы қаласы Алатау, Алмалы аудандары прокурорларының орынбасары, Шымкент қаласы Қаратау ауданының прокуроры (2015-2018), Түркістан ауданы Бәйдібек ауданының прокуроры (2018-2019). Қазіргі қызметін 2019 жылдың сәуір айынан бері атқарып келеді.
Мәскеу қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетінің «Математикалық және компьютерлік модельдеу бакалавры» мамандығын бітірді.
2017 жылы «Экономика бакалавры» мамандығы бойынша «Нархоз» университетін аяқтады. Еңбек жолын 2009 жылы «Қазақтелеком» АҚ ақпараттық жүйелер дирекциясының операциялық жүйелерді басқару бөлімінің инженер-жүйе әкімшісі болып бастаған. 2011 жылдан бастап 2014 жылға дейін ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы болып қызмет етті. Астана қ. «Халыққа қызмет ету орталығы» РМК, сосын «Қазпошта» АҚ басқарушы директоры лауазымында қызмет етті. 2017 жылдан «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарама төрағасы (2018-2021).
Қазіргі қызметін 2021 жылдың қаңтар айынан бері атқарып келеді.