10 қарашада ауа райы қандай болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер 10 қарашада күн бұзылып, жаңбыр жауатынын болжады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан территориясының басым бөлігінде ауа райы Об шығанағы аймағынан келетін циклонға байланысты болады. Елде тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қар жауады. Республиканың кей жерлерінде жел екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді. Тұман түседі, көктайғақ болады.

Солтүстік және шығыс өңірлерде жаяу бұрқасын көтеріледі. Тек оңтүстік-шығыста антициклон ықпалынан жауын-шашын болмайды.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел екпіні 23-28 м/с жетеді, тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады.

Ақмола облысының түнде басым бөлігінде жел екпіні - 23 м/с. Күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді, кей жерлерде - тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел қарқыны 25 м/с дейін күшейеді, тұман, жаяу бұрқасын болады.

Қостанай, Қарағаңды облыстарының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Павлодар облысында жел екпіні - 15-20 м/с. Кей жерлерде көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.

Жамбыл, Түркістан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болады. Тұман түседі. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ байқалады.

Түнде және таңертең Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Маңғыстау, Алматы, Атырау облыстарында тұман түседі.