деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің күші секундына 18-23 метрге дейін жетеді. Батыс Қазақстан облысында боран соғуы ықтимал. Сондай-ақ Ақмола, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Маңғыстау облыстарының жекелеген аймақтарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ақтөбе облысында көктайғақ, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді деп күтілуде. Қызылорда, түнде Оңтүстік Қазақстан облысының жекелеген жерлерінде тұман түсіп, күндіз Оңтүстік Қазақстанда секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Алдағы тәуліктерде Қазақстанның бірқатар су қоймаларында мұз қата бастайды.