НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі сенбі күні елордада өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.
9.00-де «Хан Шатыр» маңында Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстарының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді.
10.00-де «Салауатты Астана» ЖШС отбасылық дәрігерлік орталығы мүмкіндігі шектеулі жандар мен аз қамтылған қарттарға арнап қайырымдылық акциясын өткізеді.
Шараға келушілер медициналық тексерістен тегін өтіп, мамандардан кеңес алады, сондай-ақ пациенттер концерттік бағдарламаны тамашалай алады.
Айжан Серікжанқызы
Айжан Серікжанқызы Қасым Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің түлегі. Мамандық бойынша РФ Татарстанның Қазан қаласында, Польшаның Вроцлав қаласында тағылымдамадан өткен. 2017 жылдан бері ҚазАқпарат агенттігінде жұмыс істейді.