9.00-де «Radisson Hotel Astana» қонақ үйінде бәсекелестікті және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша «Экономикалық талдау және монополияға қарсы тергеп-тексерулердегі комплаенс-бағдарламалардың рөлі» тақырыбында жыл сайынғы конференция өтеді.
9.30-да ЭКСПО аумағындағы Конгресс-орталықта трансшекаралық ағын сулар мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы Конвенция Тараптары Кеңесінің сегізінші сессиясы өтеді.
10.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында «Діни көшбасшылар қауіпсіз әлем үшін» тақырыбында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI Съезі өтеді.
12.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы аясында «Ірі мұнай жобалары: отандық мұнай кәсібінің мүмкіншіліктері мен сын-тегеуріндері» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.
14.30-да «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалының бірінші орынбасары Бақыт Сапаров партияның «Мектеп асханалары» жобасы аясында елорда мектептерін аралайды.
15.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында белгілі қоғам қайраткері Тұрсынбек Өмірзақовтың «Хроники атакующего депутата» атты кітаптың тұсаукесері өтеді.
АЛМАТЫ
10.00-де Оқушылар сарайында Алматы қаласының Білім беру басқармасы, Алматы қаласы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті ҚР Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі ережелерін түсіндіру аясында Алматы қаласының педагогикалық қызметкерлері арасында «Адал Ұстаз »қалалық байқауын өткізеді.
10.00-де Алматы Менеджмент Университетінде «Жастар бастамалары, азаматтық қоғам, еріктілік» Достастығының жас көшбасшыларының форумы өтеді.
11.00-де «Сұңқар» құс тәлімбағында «Эфес Қазақстан» компаниясының «Өз үлесіңді қос! Табиғатты қорға!» корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі жобасы аясында бүркіттердің жас ұрпағын жабайы табиғатқа жіберу рәсімі өтеді.
11.00-де Алматы қаласының «Байқоңыр» метро станциясында «Мобильді жұмыспен қамту орталығы» «Наркобекет» жобасы аясында нашақорлыққа қарсы күрес және жұмысқа орналастыру бойынша таныс өткізіледі.
11.30-да Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Алматы қаласының бюджетін орындау туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.