10 қазан күні өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 10 қазан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де Мәжілістің жалпы отырыс залында «Үкімет сағаты» өтеді. Онда ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният «Ауылдық жердегі денсаулық сақтау: қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары» тақырыбында баяндама жасайды.

10.00-де «Wyndham Garden Astana» қонақ үйінде Қазақстан кәсіподақтары күнін мерекелеуге арналған «Бірлік. Әділеттілік. Даму» ынтымақтастық форумы өтеді.

11.00-де Қолжазбалар ұлттық орталығында «Алжир – ұрпақтар есінде» жылжымалы көрмесі өз жұмысын бастайды.

11.00-де онлайн-көрсетілім форматында ҚР ІІМ Криминальдық полиция департаментінің аға жедел уәкілі Жандос Батырбеков «Қылмыстық автобизнеске қарсы күрес» атты брифинг өткізеді.

11.00-де «Самұрық-Қазына» АҚ ғимаратында «ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ «IPO: дайындық алғышарттары мен мәртебесі» мәселесі бойынша Қордың Қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді.

12.00-де Rixos қонақ үйінде «V қонақүй форумы нәтижелерін қорытындылау» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.