Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Солтүстік-Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде жел 17-22 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерде шаңды дауыл байқалады. Атырау облысының кей жерлерде тұман түседі. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.