Бүгін аппараттық жиында аймақ басшысы Болат Бақауов осындай тапсырма берді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ораз Дүзденбаевтың айтуынша, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері дәнді дақылдарды жинауды биыл тамыз айының ортасында бастаған. Дәнді дақылдардың жалпы жиыны 745,5 мың тоннаны немесе 96 %-ды құрайды. Өткен жылы бұл көрсеткіш 777,2 мың тонна көлемінде болған. - Қазіргі таңда майлы дақылдарды жинау жүргізілуде. Бүгінге дейін 99,5 мың гектардан 49% пайызы жиналып, 60,9 мың тонна бастырылған. Орташа шығымдылығы бір гектарда 6,1 центнерді құрайды. Алқаптарда 489 комбайн жұмыс істеуде. Ауа райы қолайлы болған жағдайда жұмысты аяқтау үшін 10 күн қажет, - дейді Ораз Дүзденбаев.
Бұл ретте, өңір басшысы Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарында майлы дақылдарды жинау бойынша жағдай қалай екенін сұрады. Облыс әкімінің орынбасары Бауыржан Қасеновтың айтуынша, көршілес жатқан Солтүстік Қазақстан облысында зығыр мен рапсты есепке алғанда 80 пайызы, ал, Шығыс Қазақстан өңірінде 50 пайызын жинаған.
«Ауыл шаруашылығы өте бір ерекше сала», - деді аймақ басшысы. - Бірде жаңбыр көп, енді бірде аз немесе аяз түсті, қардың қажеті жоқ деп айтамыз. Бүгінде ылғал кедергі болып тұр, ал ертең қар түседі. Кептіргіштер сатып алу керек. Біресе құстар барлығын жеп кетті дейсіздер. Қазір шығымдылық алты пайызды құрайды, жинап болғанға дейін үш пайызы ғана қалуы мүмкін. Жиын-терімнің билогиялық мерзімі бар. Бізде парк жабдықталмаған. Өткен жылмен салыстырудың қажеті жоқ. Әлде жаңа жылға дейін жинамақ ойларыңыз бар ма? Мұндай ауа райы қараша айының соңына дейін сақталады. Неліктен Касицын мен Поляков дер кезінде жинап үлгерді?». Өз сөзін қорытындылаған аймақ басшысы ауа райы жағдайына қарамастан астықты жинауды 25 қарашаға дейін аяқтауды тапсырды.