Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, түнде Шығыс Қазақстан, күндіз Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болады. Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында, Қызылорда, Қарағанды, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.
00:02, 10 Қыркүйек 2016
10 қыркүйек күні республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 10 қыркүйек күні Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болады, ұйытқымалы жел соғады. Тек батыс, солтүстік және орталық аудандарда түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК хабарлады.