10 қыркүйекте елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 10 қыркүйек күні Нұр-Сұлтанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

8.00-де «Барыс Арена» алдындағы алаңда Қызылорда облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді.

10.00-де Оқушылар сарайында PRO.NRG FEST ғылым, өнер және технологиялар фестивалі өтеді. Фестивальдің негізгі мақсаты – оқушылар мен олардың ата-аналары арасында ғылымға, өнерге және технологияларға деген қызығушылықты арттыру.

11.00-де Қазақстанның Халық партиясы «Menin Elim Dala» қоғамдық бірлестігі өкілдерінің, орталық мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен Кіші Талдыкөл көлдеріндегі құрылыс мәселелері бойынша көшпелі экскурсия ұйымдастырады.

14.00-де Қалалық қуыршақ театрында «Алдар көсе жайлы не білесің?» ертегісі қойылады.

17.00-де «Барыс Аренада» Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезі аясында «We Are the World» жастар музыкалық фестивалі өтеді.

19.00-де Астана Балет сахнасында «Жібек жолы» балеті көрсетіледі.