10 мамыр күні Астанада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

Фото: Pyxabay.com

АСТАНА. KAZINFORM — Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 10 мамыр күні елордада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.

АСТАНА

10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. 

Күн тәртібінде:

  • Жылыту маусымының қорытындысы мен келесі жылыту маусымына дайындық;
  • Егін егу науқанының барысы.

Отырыс қорытындысы бойынша Үкіметтің Баспасөз орталығында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев пен ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

10:00-де Нидерланд Патшалығының Премьер-Министрі М.Рютте, ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова сондай-ақ бірқатар квазимемлекеттік және жекеменшік компания басшыларының қатысуымен екі жақты құжаттарға қол қою рәсімі өтеді. 

11:00-де Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли заң органдары атқарған жұмыстарымен таныстырады әрі журналистердің маңызды сұрақтарына жауап береді. 

13:00-де Нидерланд Патшалығының Премьер-Министрі М.Рюттенің Қазақстанға ресми сапары аясында Пушкин және Абылайхан көшелерінің қиылысында Амстердам алаңының ашылу салтанаты өтеді.