Осыған байланысты 2026 жылғы 10 маусым мен 10 шілде аралығында «Қайнар – Текес» учаскесінің 57–74 шқ аралығында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
-Жөндеу жұмыстары кезеңінде көлік қозғалысы арнайы ұйымдастырылған айналма жол арқылы жүзеге асырылады. Жол қозғалысына қатысушыларды ақпараттандыру мақсатында учаскеде тиісті уақытша жол белгілері орнатылады,-делінген хабарламада.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жүргізушілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды, жол белгілерінің талаптарын сақтауды және уақытша енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарауды сұрайды.
Осыған дейін «Кеген – Нарынқол» автожолының 20-шақырымында қозғалыс ашылғаны туралы жаздық.