«Көрмеге бейнелеу өнері, қолданбалы-сәндік шығармашылық, заманауи дизайн үйірмелері тәрбиеленушілерінің еңбектері қойылады» деп хабарлайды Астана күніне дайындық пен мерекені өткізу бойынша ұйымдастыру комитетінің медиа-штабынан.
Көрмеде үздік шыққан 200-ден астам балаға мақтау қағазы мен бағалы сыйлықтар үлестіру жоспарланған. Шара аяқталғаннан кейін барлық туындылар балалар үйлері, ауруханалар мен қарттар үйлері сынды әлеуметтік мекемелерге таратылмақ, деп хабарлайды strategy2050.kz.
Айта кетейік, шара Оқушылар сарайының галереясында өтеді.