10.00-де «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК «Сарыарқаның көне жолдары» республикалық этнографиялық мерекесін өткізеді. Онда Алтын Орда кезеңіндегі тарихи-мәдени мұра объектілері бойынша «Бозоқтан Ұлытауға дейін» салт аттылар экспедициясы басталады.
12.00-де Астана қуыршақ театрында «Түйме қыз» ертегісі қойылады.
18.00-де Astana Opera театрында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, композитор Төлеген Мұхамеджановтың «Құс жолы» шығармашылық кеші өтеді.
18.00-де Номад Сити Холл театрында «Чарли Чаплин» трагикомедиясы қойылады.
19.00-де ҚР Ұлттық музейінде «Қазақтың бірегей тағамдары» атты кітаптың тұсаукесері өтеді.