НҰР-СҰЛТАН
09:00-де «Алау» мұз айдынында дене мүшелері ауыстырылған адамдар мен диализбен емделіп жүрген науқастар арасындағы Ұлттық спорт ойындарының салтанатты ашылу рәсімі басталады.
09:30-да «Думан» қонақүйінде сайлауды бақылаушылар сөз сөйлейді.
10:00-де Мәжілісте Үкімет сағаты басталады. Тақырыбы: «Электр энергетикасы саласының дамуы және Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде берген тапсырмаларының орындалуы туралы».
17:30-да «Жастар» театрында «SAMGAU» VII Халықаралық театр фестивалінің ашылуына арналған баспасөз мәслихаты болады.
АЛМАТЫ
10:00-де AIFC BCPD - Al-Farabi KazNU Islamic Finance Centre орталығында «Қазақстандағы Ислам қаржылары: АХҚО және әріптестердің перспективалары» тақырыбында воркшоп болады.
11:00-де «Қазақстан» қонақүйінде Германиядан келген халықаралық байқаушылардың брифингі басталады.