Қала басшысы елорданың санитарлы-эпидемиологиялық жағдайына тоқтала келіп, тұрғындардың жаппай улануы қоғамдық тамақтану орындарындағы тиісті санитарлық нормалардың, азық-түлікті сақтау ережелерінің сақталмауынан екендігін атап өтті.
«Азық-түлікті дұрыс сақтамау, антисанитарлық жағдай, тамақ өнеркәсібі саласы қызметкерлерінің кәсіби деңгейінің төмендігі, бақылаудың жоқтығы - мұның барлығы қаладағы түйткілді мәселеге айналып отыр. Дәмханалар мен асханалардың жұмысы бақыланбайды. Бұл мәселелерді шешу үшін қаланың барлық құзыретті қызметтері жұмылдырылып, арнайы рейд өткізіп, бақылауды күшейту қажет. 10 маусымға дейін Астананың барлық қоғамдық тамақтану мекемелерінде тиісті тексеріс жұмыстарын өткізуді бұйырамын», - деді әкім.