Он мыңнан астам ер адам «Саманды» биледі. Әдетте мұндай шара Мұхаммед пайғамбардың туған күнінің құрметіне және өзге де маңызды шараларға байланысты орындалады.
Уoutube-те жарияланған кадрдан жарқырай киінген мыңдаған адамдардың әуенмен үйлесімді билегені көрінеді. Индонезиялықтар «Саманды» сондай-ақ «мың қолдың биі» деп те атайды. Мұны дәсүрлі түрде ер адамдар орындайды.