Бұл жерде «құлдар» тобына жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрленген әйелдер, үй қамақта отырғандар, сонымен қатар қарызға белшесінен батқан адамдар кіреді. «Хоум-кеңсе» өкілдерінің сөзіне қарағанда, жапа шеккендердің қатарында 100-ден астам елдің адамдары бар. Ол негізінен: Албания, Нигерия, Вьетнам және Румыния, сонымен бірге Британияда туған ересектер мен балалар да болуы мүмкін. Өткен жылы Қылмысқа қарсы күрес агенттігі Ұлыбританияда құлдықтан жапа шеккендер саны 2 744 адам деген ақпарат таратқан.
17:08, 29 Қараша 2014
10 мыңнан астам адам Британияда «құл» болып жүр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда 10-13 мың адам құлдық қамытын киген. Елдің Ішкі істер министрлігінің сараптамасында осындай деректер келтірілген, деп хабарлады ВВС.