Португалия президенті Марселу Ребелу де Соуза бейсенбі күні сыбайлас жемқорлық дауына қатысы бар премьер-министр Антониу Коштаның күтпеген жерден отставкаға кетуіне байланысты Мемлекеттік кеңестің кезектен тыс отырысын өткізді.
Мемлекет басшысы парламентті таратып, 2024 жылдың 10 наурызында кезектен тыс жалпы сайлау өтетінін хабарлады.
Бұрынғы инфрақұрылым министрі Педру Нуну Сантуштың Антониу Коштаның орнына Социалистік партияның көшбасшысы болу мүмкіндігі бар деп есептеледі.
Осыған дейін Португалия премьер-министрінің жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен отставкаға кеткенін жаздық.