10 наурыз күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 10 наурыз күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.45-де Sheraton Astana қонақүйінде жасөспірімдер футболын дамыту мәселелері, перспективалары және отандық құрамаға кадрлық резервті дайындауға арналған баспасөз конференциясы өтеді.

11.00-де «Самұрық-Қазына» алаңында Болат Жәмішевтің төрағалығымен қорға қарасты компаниялар тобында еңбекті қорғау, өндіріс қауіпсіздігі тақырыбына арналған қоғамдық кеңес отырысы өтеді. Сарапшылар сұрағына «Самұрық-Қазынаның» қоғаммен байланыс, әлеуметтік-еңбек қатынасы мен еңбекті қорғау бойынша басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов жауап береді.

11.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында «Шәлкөде мектебі – 100 жыл: тарихы, бүгіні мен даму болашағы» атты офлайн және онлайн форматта республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.

11.00-де Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде «Алаяқтық: өзіңді қалай қорғауға болады» тақырыбында онлайн брифинг өтеді. Спикер - Астана қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары Евгения Холмецкая. Онлайн баспасөз-конференциясы «Астана қаласы коммуникациялар қызметінің» Facеbook-тегі және Instagram-дағы ресми парақшаларында тікелей эфирде өтеді.

12.00-де Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде «Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға енгізілген жаңашылдықтар мен басқа да өзекті мәселелер туралы» тақырыбында онлайн брифинг өтеді. Спикерлер: ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Әли Көмекбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Бибігүл Нұрова. Онлайн баспасөз конференциясы «Астана қаласы коммуникациялар қызметінің» Facеbook-тегі және Instagram-дағы ресми парақшаларында тікелей эфирде өтеді.

15.00-де Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде «Елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды элементі ретінде сауданы дамыту туралы» тақырыбында онлайн брифинг өтеді. Спикер – Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жаңабаев. Онлайн баспасөз-конференциясы «Астана қаласы коммуникациялар қызметінің» Facеbook-тегі және Instagram-дағы ресми парақшаларында тікелей эфирде өтеді.

15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан-Еуропа ынтымақтастығының перспективалары туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко; «Сыртқы саяси зерттеулер институты» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Аманкелді Таженов. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

15.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханада «Инвестиция әліппесі. Ақшаны қалай көбейтеміз?» кітабының таныстырылымы өтеді.

16.00-де ҚР Ұлттық музейінде Испания Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен испан суретшісі Хосе Мария Каноның «Шындық немесе шынайылық?» атты көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.

19.00-де Astana Opera театрында «Бір демде» үрлемелі аспаптар музыкасының концерті өтеді.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Шам жарығындағы кездесу. Жүректегі көктем» поэтикалық-музыкалық қойылымы көрсетіледі.

19.00-де Қазақстан Орталық концерт залында NE PROSTO ORCHESTRA ұжымының саундтрек кеші өтеді.

19.00-де Номад Сити холл театрында «Кішкентай ханзада» ертегісі ұсынылады.