10 наурыздан бастап күн жылына бастайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 10 наурыздан бастап еліміздің көптеген аймақтарында күн жылына бастайды. Бұл туралы Қазгидромет сайтында хабарланған.

«10 наурыздан бастап тек еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында кей жерлерде ғана қар жауады. Ал қалған аймақтардың барлығында ауа температурасы жоғарылай бастайды. Сонымен қатар, республиканың батыс облыстарында мереке күндері ауа райы алабұлтты болғанымен, 10 наурыздан бастап аталған өңірлерде де күн жылынады» делінген хабарламада.