10 СӘУІР . ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА.10 сәуір. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 10 сәуірге арналған күнтізбесін ұсынады.

10 СӘУІР, БЕЙСЕНБІ

Нидерландыда мұражайлар күні. Амстердам - әлемдегі ең iрi көркем мұражай орталықтарының бiрi. Нидерландыда жыл сайын сәуірдің екінші демалысында Мұражайлар күнін атап өтеді.

Әзірбайжандағы құрылысшылар күні. Бұл мереке 2009 жылы ел президенті тиісті жарлыққа қол қойғаннан кейін ресми мәртебеге ие болды. Аталмыш мерекенің мақсаты ел экономикасының дамуы мен халықтың әл-ауқатының артуына өз үлестерін қосып келе жатқан құрылысшы мамандығының мәртебесін көтеруге бағытталған.

АҚШ-тағы сиблинг тер күні. Сиблингтер (сибстер) - ол бірге туған ағалар мен апалар. Ағылшын тілінде бұл термин айтылып отырған адамдардың жынысын атау қажеттілігінен құтылу үшін қолданылады. Бұл күнді атап өту идеясы ағасынан айырылған Клаудия Эварт есімді әйелге тиесілі. 1997 жылы ол сиблингтер күніне арналған қор құрып, арада бір жыл өткен соң бұл күн аталып өтілді.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

2 1 жыл бұрын (1993) Ашхабад қаласында Қазақстан және Орта Азия мемлекеттерінің «Наурыз» халықаралық театр фестивалі өтті. Семей қазақ драма театры сахналаған О.Сүлейменов пен Б.Мұқайдың «Заманақыр» трагедиясы арнайы жүлдеге ие болды.

1 8 жыл бұрын (1996) Ресей Федерациясында Қазақстанның әдеби және мәдени күндері өтті.

1 8 жыл бұрын (1996) Алматыда Еуропалық комиссия өкілдігінің ресми ашылу салтанаты өтті.

1 2 жыл бұрын (2002) Қазақстан Республикасының аумағында «Космонавтика күні» сериясының екі пошта маркасы айналымға түсті, «Алғашқы рет әлемде кеме бортындағы ғарыш саяхаттанушысы бар халықаралық ұшу» тақырыбына арналған.

2002 жылғы сәуірдің 8-і мен 12-і аралығында Алматыға әлемдегі алғашқы ғарыш-саяхатшысы Дэннис Тито сапармен келді, маркалардың салтанатты рәсіміне қатысуға ниет білдірді.

Бірінші марка: «Союз ТМ-32» экипажы ғарышкер-ұшқыш Талғат Мұсабаев және бортинженер Юрий Батурин мен Денис Тито бейнеленген түрлі-түсті сурет. Марканың сол жақтағы астыңғы бұрышында «Союз ТМ-32» кемесінің эмблемасы және барлық ғарышкерлердің аты-жөні бейнеленген.

Екінші марка: Марканың ортасында Жер планетасы және Қазақстаның, Ресейдің және АҚШ-тың желбіреген байрағы.

Бірінші пошта маркасының номиналы - 30 теңге, таралымы - 100 000 дана; екінші пошта маркасының номиналы - 70 теңге, таралымы - 100 000 дана.

8 жыл бұрын (2006) Жамбыл облысы Қаратау қаласында жаңа саябақтың іргетасы қаланды. Жаңа саябаққа «Наурыз» аты берілді, аумағы 7 гектарға жуық жерді алып жатыр. Оның іргетасын қалауда Қаратау қаласының тұрғындары, бірқатар мекемелер мен кәсіпорындар ат салысты.

8 жыл бұрын (2006) Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінің қолдауымен БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде Семей аймағының құрбандықтарына арналған Еуропарламент депутаты Струан Стивенсонның «Мәңгілік қасірет» кітабы мен белгілі актриса Кимберли Джозеф фотокөрмесінің таныстырылымы өтті. Бас Ассамблеяның 60-шы сессиясында қабылданған «Халықаралық ынтымақтастық және Қазақстанның Семей аймағы халқын, экологиясын және экономикасын сауықтыру мақсатындағы қызметтерді үйлестіру» қарарын бірауыздан қолдағандары үшін БҰҰ-ға мүше елдерге алғыс білдірген Қазақстан өкілдігінің басшысы Ержан Қазыханов, шетелдік және халықаралық ұйымдардың, атап айтқанда, БҰҰ Даму бағдарламасының, USAID агенттігінің, Еурокомиссияның және Жапония, Ұлыбритания, Канада, Италия, Швейцария үкіметтерінің тікелей қатысуымен Семей аймағында жүзеге асырылып жатқан бірқатар жобаларға тоқталып өтті. Еуропарламенттің шотландтық депутаты Струан Стивенсон Кеңес Одағы кезінде ядролық қаруды сынаудан зардап шеккендер туралы кітап жазып, сол үшін әлем қауымдастығының ілтипатына және 50 мың доллар сыйлыққа ие болған. Еуропарламент депутаты осы сыйақысын Семейдің онкологиялық емханасына аударғанын ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын. Қазақстанда, оның ішінде Семей аймағында бірнеше рет болған С.Стивенсон мырзаға полигон проблемасына деген тұрақты қамқорлығы үшін «Семейдің құрметті азаматы» атағы берілген.

6 жыл бұрын (2008) Ұлттық банктің орталық филиалына «2008 жылғы Олимпиада ойындары» сериясының коллекциялық шақасы келіп түсті. «Бесайыс» шақасы 925-ші сынамалы күмістен жасалған, салмағы - 31,1 грамм, номиналы - 100 теңге. Дайындалу сапасы - proof. Шақаның аверсінде Қазақстанның елтаңбасы, футбол стадионы бейнеленсе, реверс бетінде бес спорттық ойынның көрінісі мен ойындар өткізілетін жылды білдіретін «2008» деген сандар бейнеленген. Шақаның құны - 5 мың теңге.

5 жыл бұрын (2009) Киевте Қазақстан Республикасының Елшілігінде қазақтың танымал ақыны және жазушысы Олжас Сүлейменовтың украин тіліне аударылған «Тарихқа дейінгі түркілер» кітабының таныстырылымы болып өтті.

2 жыл бұрын (2012) Мемлекет басшысы «Құқыққорғау органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестациядан өткізу туралы» Жарлыққа қол қойды.

165 жыл бұрын (1849) америкалық инженер Уолтер Хант ағылшын инесіне патант алды. Ол өзі ойлап тапқан иненің патентін қарызынан құтылу үшін 400 долларға сатып жіберді.

102 жыл бұрын (1912) Саутгемптонск портынан «Уайт Стар Лайн» компаниясының ағылшынның «Титаник» атты кемесі өзінің алғашқы және соңғы сапарына аттанды. Бір қызығы порттан шығып бара жатқанда «Титаник» америкалық «Нью-Йорк» кемесімен соғылып қала жаздаған.

95 жыл бұрын (1919) Мексиканың ұлттық батыры, Порфирио Диастың диктатурасына қарсы шыққан революционер Эмилиано Сапата Саласар атылды. Ол «Тізерлеп жүріп өмір сүргенше, тұрып өлген жақсы» деген қанатты сөздің авторы.

51 жыл бұрын (1963) Атлантика мұхитында АҚШ-тың ӘТК суасты атом кемесі барлық экипаж мүшелерімен бірге қаза тапты.

41 жыл бұрын (1973) папарацция фотографы Рон Галелла «Галелла Жаклин Онассис пен Құрама Шттарға қарсы» атты сот процесінде жеңіліп қалды. Галелла - Америкадағы ең бай, танымал әрі ең жеккөрінішті паппараццияның бірі.

ЕСІМДЕР

86 жыл бұрын (1928) ақын, аудармашы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі НІЛІБАЕВ Әубәкір Дастанұлы дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында туған. Зайсан педагогикалық училищесін, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Еңбек жолын аудандық мектепте мұғалім болып бастап, оқу ісінің меңгерушісі, мектеп директоры лауазымына дейін жоғарлаған. 1959 жылдан журналистік жұмысқа ауысып, Зайсан аудандық «Достық», Алматы облыстық «Жетісу», республикалық «Қазақ әдебиеті» газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағы фольклор секциясының кеңесшісі қызметтерін атқарған. Ақынның «Таңғы тыныс», «Болашақ осылай басталған», «Қоңыр жел», «Алаулаған армандар», «Көңіл көзі», «Күнім менің», «Жыр жүрегі», т.б. жыр жинақтары жарық көрген. Көркем аударма саласында үнді эпосы «Махабхаратаны», зороастризм каноны «Авестаны», Бабылдың ұлы шығармасы «Шилгамешті», қытайдың үш ұлы философы Конфуций, Лао-Цзы, Чжуан-цзы трактаттарын, Эсхилдің «Бұғауланған Прометейін», Э.Потьенің өлеңдері мен поэмаларын, М.Лермонтовтың, Р.Тагордың, орыс ақындары В.Маяковскийдің, Н.Забловскийдің, М.Светловтың өлеңдерін қазақ тіліне аударған.

76 жыл бұрын (1938) жазушы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі ТӘШІМБАЙ Ғазизбек дүниеге келді.

Жамбыл облысының Талас ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1964-1990 жылдары - Республикалық «Спорт» газетінің әдеби қызметкері, «Қазақстан» баспасының редакторы, аға редакторы, редакция меңгерушісі. 1990-1996 жылдары - Қазақстан телеграф агенттігінің редакция меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президенті аппаратының консультанты, Үкімет аппаратының сектор меңгерушісі. 1996-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің аударма бөлімін басқарған. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін «Қазақстан» Ұлттық энциклопедиясы Ғылыми және әдеби бақылау редакциясының меңгерушісі болып істеген. «Оңтүстік Қазақстан» энциклопедиясын шығарушы топқа жетекшілік етіп, басылымның жауапты редакторы болған. Қазір Алматы қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту басқармасының «ТІЛ» оқу-әдістемелік орталығында бас маман қызметін атқарады. Жазушының «Топжарғандар», Қ.Мұңайтпасұлы туралы «Күш атасы» атты естеліктер жинағы, «Құм арасында», «Қос терек», «Қызғалдақ қалың шыққан жыл» атты әңгімелер жинағы жарық көрген. Көркем аударма саласында «Молодая гвардия» баспасынан «Тамаша адамдар өмірі» циклімен шыққан «Сальвадор Альенде», «Че Гевара» кітаптарын, Кеңес Одағының Батыры Г.Сафиуллиннің «Жеңіс жолында» кітабын қазақ тіліне аударған.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

7 4 жыл бұрын (1940-2001) мүсінші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан және КСРО Суретшілер одағының мүшесі, Шоқан Уәлиханов атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ДОСМАҒАМБЕТОВ Төлеген Сәбитұлы дүниеге келді.

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында туған. Алматы көркемсурет училищесін, И.Репин атындағы Санкт-Петербор кескіндеме, мүсін және сәулет институтын бітірген.

Алматы көркемсурет училищесінің оқытушысы, Алматы өнер академиясының кафедра меңгерушісі, доценті қызметтерін атқарған.

Төлеген Досмағамбетовтің отыз жылдық шығармашылық өміріндегі негізгі жұмыстары - мүсіндік портреттер мен көптеген ескерткіштер. «Ақан-Сері - Құлагер» монументік композициясының, Шоқан Уәлиханов, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Ахмет Байтұрсынов, Мұхтар Әуезов, Амангелді Иманов, Әліби Жанкелдин, Ғани Мұратбаев, Қаныш Сәтпаев, Дінмұхаммед Қонаевтың ескерткіштері мен кеуде мүсіндерінің авторы. Оның қаламынан Нұрсұлтан Назарбаев, Олжас Сүлейменов, Бибігүл Төлегенова, Әнуар Әлімжанов, Тоқтар Әубәкіров, тағы басқа тарихи тұлғалардың портреттері туындаған.

6 5 жыл бұрын (1949) мүсінші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Суретшіер академиясның мүше-корреспонденті СЕЙІСОВ Мұса Жүрмұханбетұлы дүниеге келді.

6 3 жыл бұрын (1951) Қазақстан Республикасы Атомдық энергия институты директорының орынбасары, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы атом саласына еңбек сіңірген қызметкер ТӘЖІБАЕВА Ирина Лашқарқызы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Қазақ ұлттық университетінде инженер, кіші, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерішісі, доцент болып қызмет атқарған. 1992-2000 жылдары - Қазақ ұлттық университеті Эксперименталды және теориялық физика Ғылыми-зерттеу институтында ғылыми хатшы, директордың орынбасары, директор қызметтерін атқарған. 2002-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы бас директорының орынбасары. Қазіргі қызметінде 2006 жылдан бастап істейді.

230-дан аса ғылыми жұмыстың авторы.

5 4 жыл бұрын (1960) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі ТҰРЛАШОВ Ләззат Махатұлы дүниеге келді.

Алматы облысынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты. Алматы теміржол көлігі институтын бітірген. Инженер-құрылысшы. Алматы облысы Жамбыл, Қарасай аудандарының әкімі болып қызмет атқарған. Төрт медальмен марапатталған.

3 2 жыл бұрын (1982) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қаржы ұйымдары мен қаржы нарығын бақылау және қадағалау бойынша комитет төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы ЕСБОЛАТОВ Керімқұл дүниеге келді.

Халықаралық бизнес университетін, Алматы заң институтын бітірген, мамандықтары - іскерлік әкімшілендіру, құқықтану. 2003-2006 жылдары - «АТФ» банкінде, 2006-2008 жылдары - «Қазына» орнықты даму қорында, 2008-2009 жылдары - «Қазақстанның Инвестициялық қоры» АҚ-да, 2009 жылы «Альянс Банкі» АҚ-да әртүрлі қызметтер атқарды. 2009- 2012 жж «Темірбанк» АҚ басқарма мүшесі құрамына енгізілді және басқарма төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

36 жыл бұрын (1978) «Қазақстан темір жолы» АҚ басқарушы директоры-аппарат жетекшісі ҚИЛЫБАЙ Нұрдәулет Игілікұлы дүниеге келді.

Ол Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын «Теміржол көлігіндегі тасымалды ұйымдастыру», Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Қаржы және қаржы құқығы» мамандықтары бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1999 жылы Атырау станциясының тасымалдау бөлімінің кезекшісі ретінде бастаған. 2000-2002 жылдары «Астана» станциясының кірме жолдарында жүктерді қабылдап алушы, «Қазақстан темір жолы»ҰК» АҚ-ы Магистральді желілер дирекциясының Техникалық басқарудың технологиялық процестер қауіпсіздігі бөлімінің бас маманы, бөлім бастығы қызметтерін атқарған. 2005-2009 жылдар аралығында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Талдау және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы, Экономика және тарифтік саясат басқармасының бастығы, Көлік және қатынас жолдары комитеті төрағасының орынбасары, «Вокзал Сервис» АҚ-ның президенті, «Қазақстан темір жолы»ҰК» АҚ-ның басқарушы директоры лауазымдарында болған.

2012 жылғы 20 қыркүйекте ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.2013 жылғы 09 тамызда «Қазақстан темір жолы»ҰК» АҚ-ның Басқарушы директоры - Аппарат жетекшісі лауазымына тағайындалды.

31 жыл бұрын (1983) грек-рим күресінен халықаралық сыныптағы спорт шебері ТЕҢІЗБАЕВ Нұрбақыт Молдахметұлы дүниеге келді.

Грек-рим күресінен жастар арасындағы әлем чепионы (Ыстамбұл, 2003), Әлем кубогының күміс жүлдегері (Иран, 2005), Азия чемпионатының қола жүлдегері (Ухань, 2005), Олимпиада ойндарының қола жүлдегері (Бейжің, 2008).

Құрмет» орденімен марапатталған.

2 7 жыл бұрын (1987) ауыр атлетикадан еңбек сіңірген спорт шебері, Бейжіңдегі XXVIII жазғы олимпиадалық ойындардың қола жүлдегері ГРАБОВЕЦКАЯ Мария Александровна дүниеге келді.

Ол сондай-ақ Азия чемпионы (Дубай, 2005), әлем чемпионатының күмс жүлдегері (Прага, 2007), ауыр атлетикадан жастар арасындағы азия чемпионы (2004), Азия чемпионатының қола жүлдегері (2004), жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегеі (2007).

50 жыл бұрын (1964) «Қазастан Халық Банкі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасар ӘЛМЕНОВ Марат Бүркітбайұлы дүниеге келді.

Ол өзінің еңбек жолын 1997 жылы «Қазастан Халық Банкі» АҚ-да Заңды тұлғаларға кредит беру басқармасынының банкирі қызметінен бастады. Кейіннен тәуекел-менеджері, Кредиттік тәуекелдер департаментінің Бөлшек бизнес басқармасының бастығы (2001 жылғы маусым - 2003 жылғы тамыз) Ақмола, Астана филиалдары директорларының ББ бойынша орынбасары ( 2003 жылғы тамыз - 2005 жылғы қаңтар), Стандартты өнімдерді сату басқармасының бастығы, Бөлшек сатуды қолдау департаментінің директоры (2005 жылғы ақпан - 2009 жылғы ақпан), Банктік өнімдер және агенттік қызметтер департаментінің директоры және 2009 жылғы сәуірден бастап Алматы облыстық филиалының директоры лауазымдарын атқарды.

2010 жылғы 1 шілдеден бастап «Қазастан Халық Банкі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

77 жыл бұрын (1937) кеңестік және ресейлік ақын, жазушы, аудармашы Белла АХМАДУЛИНА дүниеге келді.

6 2 жыл бұрын (1952) американдық актер, сценарист, продюсер, айкидо шебері Стивен СИГАЛ дүниеге келді.