АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 10 сәуір күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
10.00-де «Ақорда» резиденциясында Әзербайжан Презииденті Ильхам Әлиевтің ресми сапары басталады.
11.00-де ҚР Ішкі істер министрлігінде «Заңсыз сақталған қаруды сатып алу акциясы туралы онлайн-трансляция форматында брифинг өтеді.
Спикер:ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің қару айналымын бақылау бөлімінің бастығы Асылбек Ыдырысов.
15.00-де St. Regis Astana қонақ үйінде шахматтан әлем чемпионы атағы үшін матч басталады.
Айжан Серікжанқызы
Айжан Серікжанқызы Қасым Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің түлегі. Мамандық бойынша РФ Татарстанның Қазан қаласында, Польшаның Вроцлав қаласында тағылымдамадан өткен. 2017 жылдан бері ҚазАқпарат агенттігінде жұмыс істейді.