Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с соғуы күтіледі. Қостанай облысының көп бөлігінде 15-20 м/с жел соғады.
Ақтөбе, түнде Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Түнде Павлодар облысының кей жерлерінде тұман түседі деп күтіледі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с соғады.