деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасаған ТЖМ-нің баспасөз қызметі.
Оңтүстік Қазақстан облысында кейбір жерлерде шаңды дауыл, желдің 15-20 м/с дейін күшеюі, күндіз жекелеген аудандарда жел екпіні 25 м/с дейін жетеді деп күтілуде.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең тұман түседі деп күтіліп отыр.
Жамбыл, Атырау, Маңғыстау облыстарындағы кейбір жерлерде тұман, желдің 15-20 метрге дейін күшеюі болады.
Күндіз Қызылорда облысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, жекелеген аудандарда - шаңды дауылды жел болады деп күтілуде.
Жақын тәуліктерде Жайық (БҚО аумағында), Есіл, Тобыл, Ертіс өзендерінде мұз бетінің одан әрі әлсіреуі мен бұзылуы күтіліп отыр.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарының өзендерінде сел күшейіп, су деңгейлерінің көтерілуі жалғасады.
Қостанай облысындағы Аят, Тоғызақ өзендерінде судың тасуы мен су басулар болуы мүмкін. Қостанай қаласының ауданындағы Тобыл өзенінде Қаратомар су қоймасынан сдың көп ағып келуіне байланысты су деңгейінің көтерілуі байқалады.
ШҚО-ның өзендерінде сеңдердің жүруі жалғасып, мұз кептелістерінің болуы мүмкін. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік шығысында сулы жерлерде олардың дейгейінің ауытқуы байқалады.