10 сәуір. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 10 сәуір күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР
65 жыл бұрын (1960) Алматы облысы мәслихатының депутаты Ләззат Махатұлы ТҰРЛАШОВ дүниеге келді.
Алматы темір жол транспорты инженерлері институтын құрылыс инженері мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Қаскелең ауданы «Жетісу» кеңшарында құрылыс цехының жұмысшысы болып бастаған.
Әр жылдарда бригадир, шебер, бас прораб, құрылыс учаскесінің бастығы, кооператив төрағасы, «Алматыагрохим» АҚ бөлім бастығы, Талғар ауданы «Красное поле», «Горный садовод», «Гүлдала» ауылдық округтерінің әкімі, Қарасай ауданы әкімінің орынбасары, Жамбыл, Қарасай аудандарының әкімі қызметтерін атқарған. 2011 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайланды.
2023 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.
57 жыл бұрын (1968) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасары Бауыржан Садықұлы ӘБЖАНОВ дүниеге келді.
Көкшетау облысы (қазіргі Ақмола) Еңбекшілдер ауданы Мәдениет ауылында дүниеге келген.
1990 жылы КСРО ІІМ Новосибирск жоғары әскери командалық училищесін, 1998 жылы М.В.Фрунзе атындағы Әскери академияны үздік, Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының академиясын, 2013 жылы Мәскеу қаласында үздік бітірді. Взвод командирінен бастап өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысына дейін офицерлік мансабының барлық сатыларынан өтті. Әскери институтқа тағайындалғанға дейін 2016-2018 жылдары ҚР Ұлттық ұланы Әскери Кеңесінің хатшысы-инспекторлық – талдау басқармасының бастығы болды. 2018-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институтының бастығы.
2022 жылдың шілде айынан бастап қазіргі қызметінде.
55 жыл бұрын (1970) «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Талғат Сағиұлы АЛДЫБЕРГЕНОВ дүниеге келді.
Батыс Қазақстан облысында туған. Алматы теміржол инженерлері институтын, Ресей Президентінің халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясын бітірген.
Еңбек жолы: Батыс Кавказ темір жолының Орал бөлімшесінің Қазақстан станциясының жүк кассирі. Орал қаласы, Орал бөлімшесінің жүк және коммерциялық жұмыс бөлімі бастығының орынбасары, Батыс Кавказ темір жолының жол коммерциялық ревизоры; «Желдерекспедиция» МКҚК Ақтөбе филиалы директорының бірінші орынбасары (1998); «ҚТЖ» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Френдтік көліктік қызмет көрсету орталығы» МКҚК Ақтөбе филиалының директоры; «ҚТЖ» – «Қазтранссервис» МКҚК директоры; «ҚазМұнайГаз» ТД» АҚ көліктік логистика департаментінің директоры; «Кедентранссервис» АҚ президенті (2008); Көлік компаниялары басқармасының төрағасы; «Каспий тауар биржасы» АҚ президентінің кеңесшісі.
Қазіргі қызметінде 2024 жылдың маусымынан бері.
47 жыл бұрын (1978) Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Игілікұлы ҚИЛЫБАЙ дүниеге келді.
Маңғыстау облысында туған. Алматы теміржол инженерлері институтын (инженер, 1999); Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін (экономист, 2003) бітірген.
Еңбек жолы: 1999-2000 жылдары Атырау қаласындағы көлік бөлімінің станциясында қызмет атқарған, 2002-2005 жылдары «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы»АҚ магистральдық желісінің магистрі, бас маманы, бөлім бастығы, 2005-2009 жылдары Экономика және тарифтік саясат департаментінің бастығы, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитеті төрағасының орынбасары, 2009-2010 жылдары «Вокзал Сервис» АҚ президенті, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жолаушылар тасымалы жөніндегі басқарушы директоры, 2010-2011 жылдары ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитетінің төрағасы, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ президентінің кеңесшісі, 2011-2012 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалы - «Маңғыстау жол бөлімшесі» директоры, 2012-2013 жылдары ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитетінің төрағасы, 2013-2015 жылдары «ҚТЖ» ҰК «АҚ басқарушы директоры - аппарат басшысы, «Жолаушылар тасымалы» АҚ президентінің міндетін атқарушы, «Жолаушылар тасымалы» АҚ Басқарма төрағасы, 2017 жылы «Жолаушылар тасымалы» АҚ Атқарушы директоры – президенті, 2017-2018 жылдары «Теміржолсу» АҚ Басқарма төрағасы - бас директоры, 2018-2020 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2020-2022 жылдары Ақтау қаласының әкімі, 2022-2023 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болды.
2024 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі қызметінде.
35 жыл бұрын (1990) Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Орақұлы БИСЕМБИЕВ дүниеге келді.
Атырау политехникалық колледжін «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша, Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген. Ресей Федерациясы Астрахань мемлекеттік университетінің әлеуметтану магистрі.
Еңбек жолын 2008 жылы «Жасыл ел» Атырау филиалында бастаған. 2008 жылы «Тарлан-Атырау» ҚБ төрағасы, 2011 жылы «Атырау Ақпарат» МКК төраға көмекшісі, 2013 жылы «Атырау қаласы жастар ресурсы орталығын» басқарды. 2016 жылдың мамыр айында жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды, 2017 жылы жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысы қызметін атқарды. 2017-2020 жылдары облыстық ішкі саясат басқармасының басшы, 2020 жылдың шілдесінен 2021 жылдың қыркүйегіне дейін - «Gate Insaat Taah.San.Tic.A.S.» компаниясының менеджері. 2021 жылдың қыркүйегінен тамыз айына дейін «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
2022 жылдың тамызынан бастап қазіргі қызметінде.