10 шілдеде болатын ең маңызды оқиғалар анонсы
00:25, 10 Шілде 2023
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі елімізде 10 шілдеде өтетін ең маңызды оқиғалар туралы хабарландыруды ұсынады.
АСТАНА
Сағат 11:00-де онлайн режимінде «Есірткі қылмысымен күрес» атты брифинг өтеді. Баяндамашы: Серік Қаматайұлы Сұлтанов – Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы күрес департаментінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы.
12:00-де – журналистердің Ұлттық экономика және Энергетика министрлері А.Қуантыровпен және А.Сәтқалиевпен тариф саясаты мәселелері бойынша кездесуі өтеді.