11:00-де Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы бейнебайланыс режимінде өтеді. Оған Министрлер кабинетінің барлық мүшелері, облыстардың, республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері қатысады. Жиын барысында еліміздің биылғы жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланбақ.
14:00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қуыршақтар театрында балаларға арналған «Түймеқыз» қойылымы көрсетіледі.
20:00-де Есіл жағалауындағы амфитеатрда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры «Шәмші» спектаклін қояды.