10 шілде күні елімізде өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 10 шілде күні елімізде өтетін мәдени және қоғамдық маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.

АСТАНА

10.00-де ҚР Президенті Іс Басқармасының Президенттік орталығында Astana Graffiti Festival іс-шарасының ашылуы өтеді.

10.30-да «Болашақ» қайырымдылық қорының «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар жасөспірімдерге арналған оқу-өндірістік комбинаттар» пилоттық жобасының түлектеріне куәлік тапсыру рәсімі өтеді.

11.00-де «Театралды Еуразия» халықаралық фестивалінің қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтеді.

19.00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында «Тіл табысқандар» комедиясы ұсынылады.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Махаббат жағалауы» психологиялық драмасы қойылады.

19.00-де Astana Opera театрында «Виолончель үні» концерті өтеді.

19.00-де Astana Opera театрында «Vivat Academia!» концерті өтеді.