10 тамыз күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 10 тамыз күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

11.00-де Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде «Жылыту маусымында тұрмыстағы өрттердің алдын алу» тақырыбында онлайн брифинг өтеді.

11.30-да Astana Hub-та ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде «Мемлекеттік басқарудың цифрлық трансформациясы: архитектуралық тәсіл, реинжиниринг және деректер» атты брифинг өтеді.

11.30-да Абай күні мерекесіне орай Абай атындағы Халықаралық мәдениет пен өнерді қолдау қоры ҚР Ұлттық музейі қорына құнды жәдігерді салтанатты түрде табыс етеді.

12.00 -де Астана қаласында Халықаралық жастар күні қарсаңында алғаш рет ауқымды «Bir tolqynda» заманауи би байқауы өтпек. Байқауға еліміздің барлық аймағынан 5-35 жас аралығындағы кез келген ниет білдіруші қатыса алады.

12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде елдегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты баспасөз мәслихаты өтеді.

https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

15.00-де «Central Market» сауда орталығында жұмыс іздеп жүрген жастар, елордалық ЖОО түлектері және елорда жастары үшін қалалық бос жұмыс орындар жәрмеңкесі басталады.

16.00-де Астана қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтеді. Күн тәртібінде «Жол кептелісі (автомобиль кептелісі) мәселесін шешу туралы. Астана LRT жобасын іске асыру перспективасы» қаралады. www.facebook.com/maslihat.astana.kz