АСТАНА
11.00-де Ауыр атлетикадан әлем чемпионы, Астана қаласының құрметті тұрғыны Анатолий Храпатыйдың құрметіне мемориалдық тақта ашылады. Мекенжай: Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 5/1.
14.00-де «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалының ғимаратында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 173 жылдығына орай жастар арасында квест ойын ұйымдастырылады.
14.30-да Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасында «Аstana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ (ӘКҚ) «1000 орын - көше саудасы» жобасы бойынша коммерциялық жер телімін алған елордалық бизнес өкілдерімен кездесу өтеді.
15.00-де ҚР Ұлттық музейінде Астананың 20 жылдық мерейтойы аясында «Үшқоңыр» көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Көрмеге Елбасының «Үшқоңыр» жинағына енген суретшілердің туындылары қойылады.
15.00-де «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова азаматтарды қабылдайды.
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ
10.00-де Зеренді ауданындағы «Дихан Плюс» ЖШС базасында Атбасар, Зеренді, Сандықтау, Жақсы, Жарқайың, Есіл аудандарының ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне арналған тәжірибелік семинар басталады.
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ
11:00-де Ақтөбе облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Ақтөбе облысында спорт күнін өткізу» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.
11.00-де Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасында Құрылысшылар күніне арналған салтанатты жиын басталады. Шара барысында Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер палатасының басшылығы осы салаға қосқан үлесі және белсенді ынтымақтастық үшін өңірдің 40-қа жуық құрылыс компанияcының, кәсіпорын мен салалық ұйымның өкілдерін алғыс хаттар мен ҚР Инвестиция және даму министрлігінің «Құрметті құрылысшы» төс белгілерімен марапаттайды.
АТЫРАУ ОБЛЫСЫ
16.00-де ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы бойынша департаменттің ұйымдастыруымен «І жартыжылдық бойынша Департаментпен атқарылған жұмыстарының нәтижесі» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.