10 тамызда Қазақстанның көптеген бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

АСТАНА. 9 тамыз. ҚазАқпарат - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтерінше, 10 тамыз күні Қазақстанның көптеген бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республиканың тек батыс және шығыс жартысында фронтальдық бөліктердің өтуімен кейбір жерлерде өткінші жаңбырлар жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Оңтүстік Қазақстан және Атырау облыстарында кейбір жерлерде желдің 15-20 м/с жылдамдықпен соғуы, Алматы, Қызылорда, Атырау облыстарында шаңды дауыл күтілуде.

Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарының кейбір жерлерінде күндіз күн ысиды, Ақтөбе облысында қатты ыстық болады деп күтілуде.

Атырау облысында, Оңтүстік Қазақстан облысының көптеген бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында төтенше жоғары өрт қауіптілігі сақталады.

Жақын тәуліктерде республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысындағы таулы өзендерде су деңгейлерінің ауытқулары күтілуде.