10 жасар бала су тоғанға батып кетті - Қостанай
17:14, 26 Маусым 2018
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында 10 жасар бала су тоғанына түсіп, мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін Таран ауданының Апанов ауылындағы қазаншұңқырдан 10 жасар баланың денесі шығарылды.
«Таңертеңнен бастап Рудный қаласы ТЖБ Солтүстік өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағының қызметкерлері 10 жасар баланы іздеуді бастады. Ол 25 маусым күні сағат 16:00 шамасында жабдықталмаған тоған суына батып кеткен», - деді облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Меруерт Балғина.