Байқауда кішкентай қыз Джакомо Пуччинидің «Турандот» операсының соңғы актындағы «Ешкім де ұйықтамайды» (Nessun dorma) ариясын орындады. Тамаша дауыс иесінің келесі кезеңге өтуіне қазылар алқасының төрт мүшесі де бірауыздан дауыс берді.
Иман Биша Иорданияда туған. 2017 жылы ол араб елдерінің Arabs Got Talent байқауында жеңіске жеткен. Сол жолы Иордания королі ІІ Абдалла Иманды алтын медальмен марапаттаған болатын.