10 жасар шахматшы Сивананда ең жас халықаралық шебер атанды
АСТАНА. KAZINFORM — Лондондық 10 жасар шахматшы Бодхана Сивананда әйелдер арасында халықаралық шебер атағын жеңіп алған ең жас қыз атанды. Тамыз айының басында ол Ұлыбритания чемпионатында гроссмейстерді жеңді, деп хабарлайды ВВС.
— Сивананда 10 жас, 5 ай, 3 күндік кезінда жеңіске жетіп, 2019 жылы американдық Карисса Йип орнатқан рекордты (10 жас, 11 ай, 20 күн) басып озды, - деп хабарлады елдің шахмат федерациясы.
Бодхананың жаңа атағы - халықаралық әйел шебер - тек әйелдерге берілетін екінші жоғары атақ, тек гроссмейстерден кейін тұрады. Гроссмейстер – бұл шахматшы қол жеткізе алатын ең жоғары атақ және ол өмір бойы сақталады.
Бір жыл бұрын Сивананда шахматтан ұлттық құрамаға қосылғанда ел намысын халықаралық деңгейде танытқан ең жас британдық спортшы болды.
Ол алғаш рет шахмат ойнауды 5 жасында COVID-19 пандемиясы мен карантин кезінде бастаған. Ол өзінің алғашқы шахмат тақтасын Үндістанға оралуды жоспарлаған әкесінің досынан алды. Бастапқыда Бодхана шахмат фигураларын ойыншық ретінде пайдаланды, бірақ кейін ойын ережелеріне қызығушылық танытты. Оның отбасында қыздың өзінен басқа ешкім шахмат ойнамайды.
Оның әкесі қызына ерекше қабілет қайдан дарығанын білмейтінін айтты, өйткені ол да, әйелі де инженер және шахматты жақсы ойнай алмайды.
Еске сала кетейік, Орталық Азиядағы ең қымбат жас футболшы кім екені жайлы жазған едік.