«Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болжанады. Күндіз желдің күші 15-20 м/с артады. Солтүстік Қазақстан облысының жекелеген аумағында көктайғақ күтіледі.
Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, күндіз жаяу бұрқасын болады. Жел 15-20 м/с күшейеді.
Түнде Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі.
Жамбыл, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, түнде және таңертең Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман болады.
Маңғыстау облысының солтүстігінде 21 градусқа дейін қатты аяз сақталады.