78 жыл бұрын (1945) Қазақстан Республикасының мемлекет және әскери қайраткері, Халық қаһарманы, армия генералы, ҚР Парламенті Сенаты жанындағы Сенаторлар кеңесінің мүшесі Мұхтар Қапашұлы АЛТЫНБАЕВ дүниеге келді.
Қарағанды қаласында туған.1977 жылы Армавир әуе қорғанысы жоғары әскери ұшқыштар училищесін, 1985 жылы Г. Жуков атындағы Әуе қорғанысы әскери академиясын бітірген.
Еңбек жолы: 1965-1966 жылдары Кинель-Черкасск оқу-жаттығу авиация орталығының курсант ұшқышы, 1962-1969 жылдары Киров атындағы (Қарағанды) шахтаның үңгушісі, 1969-1982 жылдары Әуе қорғанысы авиациялық истребительдік полкының ұшқышы, аға ұшқышы, авиациялық атқыш полкы авиациялық звеносының командирі, авиациялық эскадрильясы командирінің орынбасары, командирі, дивизия командирінің орынбасары, командирі, 1982-1985 жылдары Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери академиясының тыңдаушысы, 1985-1988 жылдары Әуе шабуылына қарсы қорғаныс дивизиясы командирінің орынбасары, 1988-1992 жылдары Әуе шабуылына қарсы қорғаныс дивизиясының командирі, 1992-1993 жылдары Әуе шабуылына қарсы қорғаныс корпусының командирі - Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары, 1993-1996 жылдары Қазақстан Республикасы Әскери әуе күштерінің қолбасшысы, 1996-1999 жылдары Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі, 1999-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшысы, 2001-2007 жылдары Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі, 2009 жылы Қазақстан Республикасының қорғаныс министрінің міндетін атқарушы, 2007-2010 жылдары Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Штаб басшылары комитетінің төрағасы, 2010-2017 жылдары ҚР Парламенті Сенатының депутаты болды.
2019 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі қызметінде.
ІІІ дәрежелі «КСРО Қарулы Күштерінде Отанға қызмет еткені үшін», ІІ дәрежелі «Барыс», «Халықтар достығы» (РФ), ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Парламентаралық Ассамблеясы Достастығы ордендерімен; «Халық Қаһарманы» алтын жұлдызымен, «Отан» орденімен, ҚР және шет мемлекеттердің көптеген медальдарымен наградталған.
73 жыл бұрын (1950) кеңестік және қазақстандық спорт журналисі, жазушы, ұлттық ойын тоғыз-құмалақтан Қазақ КСР спорт шебері, жоғары санатты төреші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Несіп Жүнісбайұлы ЖҮНІСБАЕВ дүниеге келді. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
1975-1991 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде спорт және әскери-патриоттық тәрбие бөлімін басқарды. 1991-2014 жылдар аралығында SPORT&KS газетінің бас редакторы болды. 1992 жылы Қазақстан спорт баспасөзі қауымдастығын құрды, оны 2013 жылға дейін басқарды. 2013 жылдан – қауымдастықтың құрметті президенті. Қазақстан Журналистер одағының, Халықаралық спорт баспасөзі қауымдастығының және Азия спорт журналистері одағының атқару комитетінің мүшесі, сондай-ақ Азия спорты баспасөз одағы президентінің кеңесшісі. Азия Олимпиадалық кеңесінің баспасөз комитетіндегі Қазақстанның бірінші өкілі болды.
2013 жылы қазақстандық «Үздік БАҚ редакторы» байқауының аясында Геннадий Толмачев атындағы сыйлықты жеңіп алды. 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен ХХХІ жазғы Олимпиада ойындары аясында Халықаралық спорт баспасөзі қауымдастығының арнайы марапатына ие болды.
63 жыл бұрын (1960) «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ президенті Асхат Наурызбайұлы РЫСПАЕВ дүниеге келді.
1960 жылы Омбы қаласында (РСФСР) туған. 1982 жылы Алматы жоғары құрама қару-жарақ командалық училищесін, 2000 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясын үздік және алтын медальмен, 2017 жылы Ұлттық қорғаныс университеті Қарулы Күштері Бас штабы академиясының факультетінде стратегиялық деңгейдегі магистратураны бітірген.
1978-2021 жылдары КСРО және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет еткен, 1982-1991 жылдары Қиыр Шығыс және Орта Азия әскери округтерінде және жергілікті әскери басқару органдарында әртүрлі командалық-штабтық лауазымдарда қызмет етті. 1991-1992 жылдары ҚР Мемлекеттік қорғаныс комитетінде кадрлық қамтамасыз ету лауазымдарында қызмет етті. 1992-2000 жылдары ҚР Қорғаныс министрлігі Кадрлар департаменті мен Білім Бас басқармасында қызмет етті. 2000-2001 жылдары ҚР Қарулы Күштерін дамытудың перспективалық бағдарламалары орталығы бастығының орынбасары, 2001-2002 жылдары ҚР Қарулы Күштері Әскери білім беру бас басқармасы бастығының орынбасары, 2002-2008 жылдары ҚР Қорғаныс министрлігі Кадр жұмысы басқармасының бастығы, 2008-2011 жылдары ҚР Қорғаныс министрлігі Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары басқармасының бастығы, 2011-2012 жылдары ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы, 2012-2018 жылдары Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы, 2018-2019 жылдары Құрлық әскерлері Әскери институтының бастығы, 2019-2021 жылдары ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы, 2021-2022 жылдары Ұлттық қорғаныс университетінің Әскерді басқару және құрама қару-жарақ штабы қызметі кафедрасының профессоры болды.
2022 жылдың шілде айынан бастап қазіргі қызметінде.
II дәрежелі «Даңқ» орденімен, мерейтойлық медальдармен марапатталған.
51 жыл бұрын (1972) «Қазақстан Республикасы Президент орталығының директоры Бақытжан Берікбайұлы ТЕМІРБОЛАТ дүниеге келді.
1998 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды «Саясаттану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
1998 жылдан 2007 жылға дейін – ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында және Президент Әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарған; 2007 жылдан 2018 жылға дейін – ҚР Президенті Кеңсесі басшысының орынбасары. 2019 жылдан 2021 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы.
2021 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі қызметінде.
«Құрмет», «Парасат» ордендерімен, мерейтойлық медальдармен марапатталған.
42 жыл бұрын (1981) Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Светлана Анатольевна ГЛАДЫШЕВА дүниеге келген.
Павлодар қаласында туған. Педагог-психолог мамандығы бойынша Павлодар университетін (қазіргі - ИнЕУ) тәмамдаған. Психология және политология магистрі дәрежесі бар.
Еңбек жолын 2002 жылы Павлодар қаласының №43 жалпы білім беру мектебінде әлеуметтік педагог болып бастады. 2009 жылдан 2011 жылға дейін әлеуметтік-еріктілер орталығының төрағасының міндетін атқарушы болып жұмыс істеді. 2011 жылдан 2013 жылдар аралығында Павлодар қаласының білім беру бөлімі және Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы мемлекеттік мекемелерінің бас маманы, кейін Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармада бөлім басшысы болып қызмет атқарды. 2014 жылдан бастап 2017 жылға дейін Ақсу қаласы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет етті. 2016 жылдан 2017 жылға дейін Екібастұз қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып қызмет атқарды. 2018 жылдан 2019 жылдың 13 тамызына дейін Железин ауданы әкімінің орынбасары болып еңбек етті. 2019 жылдың 13 тамызынан қыркүйегіне дейін Павлодар қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды.
2019 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі қызметінде.