10 желтоқсанда бірқатар өңірде аяз болып, қар жауады, тұман түседі - Қазгидромет
Атап айтқанда, Ақтөбе облысында 16-18, Қостанай облысында 18-20, Солтүстік Қазақстан облысында 24-26, Ақмола облысында 22-24, Павлодар облысында 20-22, Қарағанды облысында 17-19 градус аяз болады. Атырау облысында 0-2 градусқа күн суытып, күндіз желдің жылдамдығы секундына 18 метрге жетіп, түнде қар жауады. Маңғыстау облысында күн райы 3-5 градус жылы болып, жаңбыр жауады. Батыс Қазақстан облысында ауа райы - 2-4, көшпелі бұл шыққанымен жауын-шашын болмайды. Шығыс Қазақстан облысында 13-15 градустық аяз түсіп, таңертең және кешкісін қар жауады. Алматы облысында да минус 2-0 градусты көрсетеді, тұман түседі. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында 4-6, 8-10 градус жылы болып, жаңбыр жаууы ықтимал. Қызылорда облысында 0, плюс 2 градус шамасында, жауын жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады. Алматы қаласында да күн 3-5 жылы болып, қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін.
Ел ордасы Астанада ертең күндіз 22-24 градус аяз болады, түнде секундына 18 метр жылдамдықпен жел соғады, қар жауады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін республиканың алты облысында ауа температурасы 40 градусқа дейін күрт төмендейді деп күтілетіндігін хабарлаған болатынбыз. Атап айтқанда, 10-14 желтоқсан күндері Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстарында, сондай-ақ 11-14 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы түнде 25-30 градустан 30-35-ке дейін, кей жерлерде 40 градусқа дейін төмендейді. Күндіз -15-20, кей жерлерде -25 градус аяздан 33 градусқа дейін жетеді.