10 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат - "Қазгидромет" РМК мәліметтері бойынша, Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыздығы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын болады деп күтілуде, жел күшейеді, боран соғады, көктайғақ болады, тұман түседі, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Республиканың солтүстік-шығысы, шығысы және оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Алматы облысында кей жерлерде тұман түседі, Жалаңашкөл аумағында жел 15-20 м/с-ке күшейеді, жел екпіні 25 м/с-ке дейін болады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарында тұман түседі деп күтілуде, күндіз жел 15-21 м/с-ке күшейеді. Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түсуі ықтимал, көктайғақ болады, күндіз Маңғыстау, Атырау облыстарында жел 15-20 м/с-ке күшейеді. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кейбір аймақтарда боран соғады деп күтілуде, түнде және таңертең жел 15-22 м/с-ке күшейеді, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында көктайғақ болады. Түнде Ақтөбе облысында боран соғып, жел 15-20 м/с-ке күшейеді. Қарағанды облысында боран соғып, түнде және таңертең тұман түседі деп болжануда. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жел күшейеді, күндіз жекелеген аудандарда екпінді жел соғады.