10 жыл бұрын ұрланған туфлиді 1 миллион долларға қайтарып алғысы келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 10 жыл бұрын қолды болған қызыл туфлидің қайда екенін айтқан адамға 1 миллион доллар сыйақы беріледі. Дәл сол туфлиді киіп 1939 жылы Джуди Гарланд «Оз елінің сиқыршысы/Волшебник страны Оз» фильміне түскен екен.

Туфлидің қос сыңарын 2005 жылы Миннесота штатындағы (АҚШ) Гранд-Рапидс қаласында орналасқан Гарланд музейінен біреу ұрлап кеткен. Өзінің есімін құпия ұстап отырған адам осы туфлиді іздеп табуға кім көмектессе, соған 1 миллион доллар беретінін айтып отыр, деп жазады шетелдік БАҚ.

Аталған фильмге Джуди Гарленд кезекпен үш түрлі туфли киіп түскен екен. Соның бірі Смитсон институтының коллекциясында сақтаулы.