Бұл жайында бүгін Астанада өткен «ҚазТрансГаз» АҚ-ы 10 жыл ішіндегі қызметінің қорытындылары және келешектегі жоспарлары» атты баспасөз мәслихаты барысында таратылған баспасөз баянында көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Деректер бойынша, осы 10 жылдың ішінде магистральдық газ құбырлары бойынша тасымалданған газдың жалпы көлемі 1 трлн. 174,3 млрд. текше метрді құраған. «Өз кезегінде «ҚазТрансГаз» АҚ-ның магистральды газ құбырлары бойынша тасымалдаған газының көлемі - 91,088 млрд. текше метрді құрады. Оның ішінде халықаралық транзит бойынша - 73,2 млрд. текше метр газ тасымалданды, экспортқа тасымалданған газдың көлемі - 10 млрд. текше метрден асты. Ішкі тұтынушылар үшін газ тасымалдау жөніндегі жоспар - 102 пайызға, экспорт бойынша - 100 пайызға, ал халықаралық транзит бойынша - 95 пайызға орындалды», делінген таратылған хабарламада.