Қазіргі уақытта елдің агломерацияларында орталық қала мен оған іргелес аудандар арасында экономикалық дамуда, қаржылық және адами әлеуеттерге қатысты белгілі бір теңсіздіктер бар. Теңсіздіктердің пайда болуына ықпал ететін негізгі фактор – ірі қалалар мен оларға іргелес аумақтарда халық санының бақылаусыз өсуі. Кейінгі 10 жыл ішінде Астана қаласының халқы 59 пайызға, Алматы қаласының халқы 37 пайызға, Шымкент қаласының халқы 67 пайызға өсті», - деді Ә. Қуантыров.
Осы орайда ол аталған қалалардың аумақтары да едәуір өскенін еске салды.
«Астана елорда болғалы жер аумағы жағынан 3 есе өсті, Алматы қаласының аумағы кейінгі он жылда 2,5 есе өсті, ал Шымкенттің аумағы 3,5 есе өсті», - деді министр.