Бұл туралы Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Нұрғиса Дәуешов мәлім етті.
«Мемлекет қаржыландыратын фильмді іріктеудің өлшемдері оның жоғары көркемдік деңгейі, халықтың рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілеті, мемлекеттік мүдделерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының танылуына қызмет етеді.
Соңғы 10 жыл ішінде барлығы 364 фильм түсірілді. Оның ішінде: 91 көркем фильм (оның ішінде 10 сериал), 69 дебюттік фильм, 164 деректі фильм, 40 анимациялық фильм бар», - деді вице-министр редакция сауалына жолдаған жауабында.
Нұрғиса Діуешовтің айтуынша, заңнамаға ұлттық фильмдердің прокатынан түскен қаражаттың 20 пайызы мемлекетке қайтару талабын енгізілген.
Ведомство өкілі киноға бөлген қаражатты игерушілер қалай іріктелетінін де түсіндірді .