Төрағаның айтуынша, 2011 жылы көші-қонның оңтайлы сальдосы қалыптасып, бұл өз кезегінде 5,1 мың адамды құрады. Мәселен, өткен жылы Қазақстанға 38 мың адам қоныс аударса, 32 мың адам көшіп кеткен.
Елге тұрақты мекен етуге келгендердің 18,8 мыңы әйелдер болса, 19,9 мыңы ер азаматтар. Аталған ерлердің жас аралығы 25-29-да, ал нәзік жандылар 20-24 жас аралығында. 2011 жылы республикадан көшіп кеткендердің 72 пайызы орыстар, 8 пайызы украиндар, 1,8 пайызы беларусьтар, 2,3 пайызы татарлар, сондай-ақ 4,5 пайызы қазақтар.
«Елімізге қоныс аударғандардың жалпы үлесінде қазақтардың саны 70,3 пайызды, орыстар - 12,2 пайызды және украиндардың үлесі 1,2 пайызды құрады», - деді төраға.