«2015 жылы екі елдің арасындағы тауар айналымы 1,5 млрд долларды құрады. Соңғы 10 жыл ішінде Қазақстан экономикасына салынған жапондық инвестиция көлемі 4,5 млрд долларды құрады», - деді Ұ.Қарабалин.
Оның айтуынша, инвестицияның негізгі үлесі уран өндіру және уран өнімдерін шығару салаларын қамтиды. «Дегенмен біздің елдерімізде энергетикалық, мұнай-газ салаларында, әсіресе энергия тиімділігі мен парникті газдар шығарындыларын төмендету салаларында ынтымақтастықтың зор әлеуеті бар», - деді ол.
Сонымен қатар ол бүгінгі жиын алдағы уақыттағы Жапония Премьер-Министрінің Қазақстанға сапарына мығым негіз қалайтындығын, екі елдің компаниялар арасындағы серіктестік байланыстарды нығайтатындығын баса айтты.