2040 жылға қарай бұл көрсеткіш 1,3 миллиардқа жетеді. Пайыздық көрсеткішпен алғанда, қарттардың үлесі 7 пайыздан 14 пайызға жетеді. Қартаю проблемаларымен айналысатын ұлттық институттың тапсырысы бойынша АҚШ-тың Халық санағы бюросы дайындаған «Қартайып бара жатқан әлем: 2008» баяндамасында осындай болжамдар келтіріліп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Зерттеу авторларының айтуынша, 10 жылдан кейін адамзат тарихында алғаш рет жасы 65-тен асқан адамдардың саны 5 жасқа дейінгі балалардың санынан асып түседі екен.