Мәліметті жергілікті БАҚ-қа Мосул денсаулық сақтау департаментінің өкілі Ахмед Хамдани айтқан.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, қайғылы жағдай Хамданийе ауданында той кезінде болды. Өрт отшашудан шығуы ықтимал. Залда 800 адам отырған. Бастапқыда зардап шеккен 150 адам туралы мәлім етілген еді.
Қазір оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр.
Аймаққа елдің ішкі істер министрі Абдулэмир Шаммари келеді деп күтілуде.
Әлеуметтік желідегі кадрлардан өрт жас жұбайлар билеп жатқан кезде басталғанын көруге болады.