Олар 2013-2014 жылдары Астана қаласында 100-ден аса адамды алдап, несиелерін жауып береміз деген сылтаумен екінші деңгейлі банктерде жаңа несиелерді рәсімдеуге көндірген. Несиеге алынған ақшалай қаражат пен тауарларды өздері иемденіп отырған.
Аталған кезеңде 100-ден аса адамның атына жалпы сомасы 112 млн.теңгеден аса қайтарымсыз тауарлық және ақшалай несие алынған. Сот шешімімен Айтбаева қамауға алынды, ал Отт асырауында екі баласының болуына байланысты ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды. Қылмыстық іс тергелуде. «Азаматтардың назарын Айтбаева Әсемгүлдің өзін «Әсел», «Мадина» деп таныстырғанына аударамыз», - делінген қаржы полицясының хабарламасында. Аталған тұлғалардың іс-әрекетінен жапа шеккен барлық тұлғаларды қаржы полициясы органдарына келесі телефондар бойынша хабарласуын сұраймыз: 8 (7172) 90-90-40; 7 701-5270754