Комитет төрағасының айтуынша, мемлекеттік метрология талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытында «Қазақстан темір жолы» РМК-ның филиалдарында, жанар-жағармай стансаларында, зауыттар мен зертханаларда, медициналық және білім беру кәсіпорындарында тексерулер жүргізілген.
«Тексерілген 374 кәсіпорынның 244-інде заң бұзу фактісі анықталды. Бұл 65,2% деген сөз. Мысалы, жүзден астам ауруханада тексерілмеген өлшеуіш құралдар қолданылып келген. Оның ішінде өмірге маңызды көрсеткіштерді өлшеуге арналған құралдар да бар», - деді комитет төрағасы.
Оның сөзіне қарағанда, жалпы жиыны 721 163 өлшеуіш құрал тексерілген. Оның ішінде 5696 құрылғыдан заңсыздық анықталған.