100-ге жуық атыраулық ағза ауыстыруға мұқтаж

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының 100-ге жуық тұрғыны ағзаларын ауыстыруға мұқтаж, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тұрғыны.

 «Біздің облыста түрлі органдарды трансплантациялау кезегінде 97 адам тұр. Мұндай ота 2010 жылдан бері өңірдің 24 тұрғынына Пәкістан, Қытай, Оңтүстік Корея, Беларусь елдерінде жасалған. Қазіргі уақытта біз трансплантология белсенді дамып жатқан ақтөбелік әріптестермен ынтымақтастық орнатуға тырысудамыз. Жақын арада Атыраудың  4 тұрғыны туыстық донор арқылы ота жасату үшін Ақтөбе қаласына барады», - деп хабарлады Атырау облыстық ауруханасы нефрон гемодиализ бөлімінің меңгерушісі Бауыржан Рахметов.

Бұл ақпарат Атырауда атыраулық және ақтөбелік дәрігерлердің қатысуымен  өткен дөңгелек үстелде хабарланды. Онда Атырау облысында трансплантацияны дамыту мәселелері талқыланды.